БЕЙСЕНБІ КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
19 қараша Қазақстанның территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын болады. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.
«ҚазАқпарат»