«БАЙҚОҢЫР» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 100 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Қызылорда облысына инвестиция тартудың тиімді жолдарының бірі жылына екі рет өткізілетін «Байқоңыр» инвестициялық форумы екені белгілі. Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған 5 инвестициялық форум аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 100 млрд. теңге көлемінде қаржы тартуға мүмкіндік берді. Барлығы 64 меморандумға қол қойылып, келісім жасалды. Оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының инфрақұрылым желілерін жаңғыртуға қатысты 10 келісімге қол қойылды. Форум аясында қол жеткізген үлкен жетістік - облыс орталығында шыны зауытын салуға мүмкіндік туды. «Шалқия» тау-кен металлургиялық кешенін қайта жаңғырту үшін де инвесторлар тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мұнан бөлек 300 қызылордалық түлек Ресейдің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға қол жеткізді.
Келесі инвестициялық форум 14-15 желтоқсанда өтеді. Бұл жолғы форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік бизнес қауымдастықтары мен қаржы институттарының өкілдері қатысатын болады.
Негізгі пленарлық отырыс Сырдария өзенінің сол жағалуын игеру жұмыстарына арналмақ. Мұнан бөлек 5 секциялық отырыс өткізіледі:
1. Қызылорда қаласы Сол жағалауының дамуы – Жаңа инвестициялық мүмкіндіктері;
2. Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3. Мемлекеттік-жеке серіктестіктің жаһандану жағдайындағы даму перспективалары;
4. IT-индустрияның жаңа үрдістері мен стратегияларының негізгі қозғаушы прогрессі;
5. Қызылорда облысында шағын және орта бизнестің жаһандану жағдайындағы рөлі. Микробизнесті дамыту.
Форум қатысушылары үшін дәстүрге айналған шаралар бұл жолы да ұйымдастырылатын болады. Осы шаралар арқылы олар Қорқыт ата кешені мен «Байқоңыр» ғарыш айлағын көруге мүмкіндік алады. Мұнан бөлек қонақтар үшін «Қызылорда Смарт Сити» көрмесі мен инвестициялық жобалар көрмесі өткізіледі.