ҚЫРҒЫЗ ЕЛІ ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫН АТАП ӨТТІ
Қырғызстан астанасында әйгілі қазақ ғалымы, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған салтанатты шара аталып өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Аталмыш шараға Қырғызтандағы Қазақстан елшісі А.Бозжігітов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі, ҚР Ғылым академиясының президенті А.Эркебаев және екі елдің парламент депутаттары, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен ғылыми-шығармашыл интеллегенция қауымы қатысты.
Мерекелік шаралар қатары Ыстықкөлден бастау алды. Дәл осы жерде 150 жыл бұрын қазақтың Шоқаны «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар» еңбектері мен қырғыз-орыс сөздігін, қырғыз елінің мәдени өміріне қатысты сурет, кескіндемелерін жазған болатын.
Уәлихановтың қырғыз еліндегі сапардың ең маңызды, һәм ең көрнекі еңбегі – «Манас» дастанын қағазға түскен нұсқасы екені сөзсіз. Бұл ғалымның тек қырғыз еліне ғана емес, сондай-ақ, жалпы түркі еліне ортақ мәдени мұра қоржынына салған баға жетпес олжасы деп білеміз.
Ш.Уәлиханов алғашқы болып «Манас» жырын қағазға түсіріп, оны орыс тіліне аударды. «Манас» жырын жазық даланың «Иллиадасына» теңеген де Шоқан еді.
Уәлихановтың қазақ-қырғыз елдері арасындағы мәдени мұраға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Мерей тойдың шымылдығы Чолпон-Ата қаласында ағартушы ғалымға тұрғызылатын ескерткіштің алғашқы тасын қалау рәсімімен ашылды.
Шара әрі қарай Бішкекте жалғасын тауып, А.Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған гала-концерт өтті.