ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНЫҢ НЕЛІКТЕН ҰЗАРТЫЛҒАНЫН ХАЛЫҚҚА ДҰРЫСТАП ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ - Н.НАЗАРБАЕВ
Зейнет жасының неліктен ұзартылғанын халыққа дұрыстап түсіндіру қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Зейнет жасын көтеру жай әншейін деп ойлайсыздар ма? Қарапайым адам үшін - бұл ауыртпалық. Бірақ, оған сенің балаларың 15 жылдан кейін зейнетақы ала алмайды десең, ол мұны түсінбейді. Оған бізде өмір сүру ұзақтығы көз алдымызда небәрі 10 жылдың ішінде 64-тен 72 жасқа өскенін түсіндіру қажет. Бірде-бір мемлекет дәл осындай уақыт ішінде мұндай өмір ұзақтығына қол жеткізген жоқ», - деді ҚР Президенті.
Елбасының атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде де, әлемде де қарттар саны артып, сол себепті жұмысшылардың саны, соған сәйкес зейнетақы аударымдарының көлемі кемуде.
«Егер біз жасты ұлғайтпасақ, онда зейнетақыға да ақша болмайды. Меніңше, бұл барлығына да түсінікті. Яғни, мемлекет адамдардың бүгінгі күні ғана емес, алдағы өмірі де жақсы болуы үшін алдын алу шаралар қабылдауы керек. Бұл ретте азаматтардың барынша зардап шекпеуін назарға алған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
«ҚазАқпарат»