МӘҢГІЛІК ЖҮРЕГІМІЗДЕСІЗ!
2015 жылдың 18 қарашасы күні 82 жасқа қараған шағында велоспорттан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Валентин Захарович Ли дүниеден өтті. Белгілі спортшымен, бапкермен қоштасу рәсімі 2015 жылдың 19 қарашасында Қызылорда қаласының орталық стадионында болады.
Құрметті бұрынғы және қазіргі велосипедшілер, сіздер осынау керемет азаматпен қоштасу рәсіміне стадионның веломектеп жағынан келе аласыздар. Біз, жетпісінші жылдардың буыны, өзімізді шайтанарбаның қыр-сырына баулыған тұлғаны ешқашан жадымыздан шығармаймыз.
Валентин Захарович, жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын!
Қанат ҚИЗАТОВ