«БАЙҚОҢЫР» ФОРУМЫ АЯСЫНДА «СМАРТ-СИТИ» КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қызылорда облысының әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шараларға тоқталды, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Осы күні бірнеше жаңа нысан салтанатты түрде пайдалануға беріледі. Биыл алтыншы мәрте «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді. Осыған дейін екіжақты 64 келісім жасалып, аймақты дамытуға 100 млрд.-қа жуық инвестиция тартылған. Кезекті форум 5 секция бойынша жүргізіліп, «Смарт-сити» инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылмақ. Форум 13-14 желтоқсанға жоспарланып отыр. Екінші күні қонақтар «Қорқыт ата» зиярат ету орталығын аралап, «Союз-ТМА 19М» пилоттық тасымалдаушы ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалайды.
Жиында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада мен паралимпиадаға, Лиллехаммер қаласында болатын жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдамадан үміткер спортшылардың дайындығын қамтамасыз ету жайы да сөз болды. Олимпида жолдамасынан – 19, паралимпиада жолдамасынан 5 спортшы дәмелі. Олар спорт мектептерінде жаттығуда. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасың басшысы Садық Мұстафаевтың айтуынша, 2015 жылғы Әлем, Азия чемпионаттарында топ жарған дүлдүлдерді сыйақымен марапаттау үшін 15 млн. 690 мың теңге қаржы қажет.
Басқосуда ерекше кезең жағдайындағы кәсіпкерлік пен туризимді дамыту бағытындағы жол картасының орындалуы, балаларды мектепке дейінгі тәрибиемен қамту мәселелері талқыланды.