ФҚҚ СИНАЙДА БОЛҒАН А321 АПАТЫН ЛАҢКЕСТІК ОҚИҒА ДЕП АТАДЫ
Синайда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының бортында қуаты тротил эквиваленті бойынша 1 келіге дейін болатын қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған деп мәлімдеді РФ ФҚҚ басшысы Александр Бортников.
"Біздің мамандардың бағалауынша, әуе кемесі бортында ұшырылым кезінде қуаты тротил эквиваленті бойынша 1 келіге дейін болатын қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған, соның салдарынан ұшақ ауада "құлаған", ұшақ корпусы бөліктерінің үлкен қашықтықта шашырауы осымен түсіндіріледі", — деп келтіреді РИА Новости Синайда ресейлік ұшақтың апатқа ұшырау себептерін зерттеу қорытындысы бойынша кеңесте айтылған Бортниковтың сөздерін.
"Бұны лаңкестік акт деп айтуға болады", — деп толықтырды сөзін ол.
31 қазанда ірі апат орын алды: Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.Олардың барлығы қаза болды.