ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР СЫРДАРИЯНЫҢ СУЫН ПАЙДАЛАНБАЙТЫН БОЛДЫ
Қызылордалықтар желтоқсан айынан бастап Сырдарияның суын пайдаланбайтын болды. Облыс орталығының халқы тіршілік нәрін Қызылжарма жерасты суы қорынан алады. Мамандардың зерттеуі бойынша, ондағы таза ауыз судың қоры әлі 25 жылға жететін көрінеді. Шарипа Сақтапова әңгімелейді.
Қаланың бас су тоғанындағы қуаттылық, күн өткен сайын төмендеп келеді. Мұндағы суды сүзгіден өткізетін, әрі оны сорып алатын стансалар тәулігіне төрт сағат қана іске қосылады. Сондықтан қала тұрғындарына жер астынан және өзеннен алынған аралас су беріліп келген. Енді 1 желтоқсаннан бастап қызылордалықтар таза ауыз суға көшпек.
Нәзипа Боранбаева, Қызылорда қаласы Бас тоған базалық зертханасының инженер-химигі:
Сырдария өзенінен алып жатқан судың сапасы бізде жалпы кермектік, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Арасында ғана болмаса, бірыңғай Қызылжарма жер асты су кентінен беріліп жатыр ұңғымаларынан.
Қызылжарма жерасты суының қоры қала маңындағы жер қойнауында орналасқан көлдер жүйесінен құралған. Ғалымдар мен суға жауапты мамандар таза су іздеп, жерасты суларын он жыл шамасында зерттеген. Нәтижесі де жаман емес. Табылған тұщы ауыз су, барлық талаптарға сай деп отыр. Жер асты суының басты күретамыры - Степь тоғаны - жетпісінші жылдары салынған. Онда былтыр басталған жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды.
Сұлтан Хамзаев, «Мелиоратор» ЖШС өндіріске жауапты директоры:
Барлығы 20 ұңғыма қазылды, тереңдігі 520 метрден, 4 су қоймасы соғылды 2000 кубтан және екінші көтерме насосы соғылды.
Бұл нысан іске қосылғанда, қалаға сағатына 520 текшеметр ұңғымадан таза су айдау жоспарланып отыр. Қазір Қызылордада жұмыс істеп тұрған 71 ұңғыма бар. Енді жаңасы мен жөндеуден өткендерін қосқанда олардың саны 120-ға жетпек. Ауыз су саласының мамандары Қызылжарма жерасты суы таза, оны ешқандай сүзгіден өткізудің қажеті жоқ дейді.
Нұржан Диқанбаев, «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры:
Су қоры үлкен, кеніштен тәулігіне 83 мың текшеметр су алуға болады. Бұл қор 25 жылға молынан жетеді, әрі қарай су қоры толығады деп санаймыз. Он жылдан кейін, толығу жұмыстары қай деңгейде екені түсінікті болады.
Қаланың тәулігіне ауыз суға қажеттілігі 58 мың текшеметр. Әзірше жерасты су көздері 35 мыңға жуығын қамтамасыз етуде. Шаһар тұрғындарының жиырма пайызы өзен суы мен жерасты суын аралас күйінде әлі де пайдаланып келеді. Ал бірінші желтоқсаннан бастап таза және сапалы ауыз су әрбір қызылордалық үшін қолжетімді болмақ.
Шарипа САҚТАПОВА