БҮГІН РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КӨКТАЙҒАҚ БОЛЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
18 қараша күні Қазақстанның территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Қарағанды облысының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с дейін болады.