ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Желтоқсан айында қазақстандықтарға қосымша үш күн демалыс беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда 1 желтоқсан мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күні, ал 16 және 17 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
"ҚР мерекелері туралы" заңына және еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік және ұлттық мерекелер демалыс күні болып есептеледі. Сонымен қатар, егер мереке атап өтілетін күн демалысқа сәйкес келсе, ол күндер бір күнге ұзартылады. Алайда, биыл үш мереке де жұмыс күндеріне сәйкес келіп тұр, сондықтан олар басқа күндерге жылжытылмайды.
Айта кетейік, Тұңғыш Президент күні 2012 жылдың 1 желтоқсанынан атап өтіле бастады. Бұл мерекені атап өту туралы шешім 2011 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. Ол кезде ҚР Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" заңына толықтырулар енгізу туралы" заңы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы ерен жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - мемлекеттік басты мереке, ол жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күні 1991 жылы Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттің егемендігі туралы заңды қабылдады. Республикада ұлттық мерекеге орай демалыс күн болып есептеледі және келесі күн - 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының демократиялық жаңару күні болып жарияланған.