БАУЫРЫНА БҮЙРЕГІН БЕРДІ
Жаңақорған ауданының тұрғыны Құрбанкүл Башарова науқас ағасына бүйрегін берді. Ота Астанада жасалды, - деп хабарлады облыстық «Сыр бойы» газетінің сайты. Қазіргі күні екеуі де өз отбасыларына оралды. Денсаулықтары жақсы.
Мұндай оқиға өңірімізде алғаш рет кездесіп отырған жоқ. 2009 жылы Жалағаш ауданының тұрғыны Гүлжанат Атырауова да туған інісіне бүйрегін беріп, оны қауіптен құтқарған еді.
Былтыр 29 жастағы Ердәулет Бозғұловқа туған қарындасы Жаңагүл Бозғұлова донор болған.