«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИЯЛАРЫ IPO-ҒА 2016 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ШЫҒАРЫЛМАҚ
«Самұрық-Энерго» акциялары IPO-ға 2016 жылдың екінші жартысында шығарылмақ. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.
«Компанияны IPO-ға шығару бойынша жұмыстар жасалуда. Қазіргі уақытта акционерлерге алғашқыда нарыққа шығарылатын акция көлемі ретінде біздің қосымша 20-25 пайыздық эмиссиямыз ұсынылады», - дейді ол.
Оның айтуынша, аталмыш науқан келесі жылы басталуы ықтимал.
«Мерзімдеріне келетін болсақ, біз 2016 жылдың екінші жартысын айтып отырмыз», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Компания басшысы акцияларды сатылымға шығармас бұрын, компанияның актив құрамын соңына дейін екшелеу керек екенін айтты.
«Қазіргі уақытта біздің акционердің тапсырмасымен біздің активтер жекешелендірілуде. Біздің құрылым толығымен анықталған кезде IPO-ға шығару үдерісі басталады», - деп түйді ойын А.Сатқалиев.
«ҚазАқпарат»