ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТІНЕ 138 МЛН. ТЕҢГЕ ЖОСПАРДАН АРТЫҚ ТҮСТІ
Қармақшы ауданының нақтыланған бюджеті 8 млрд. 53 млн. теңгені құрады. Бұл бекітілген бюджеттен 2 млрд. 725 млн. теңгеге артық.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде аудан әкімі Сұлтан Мақашов оның негізгі себебі білім саласына, елді мекендердің ауызсу жүйелерінің құрылысына, әлеуметтік сала мен өзге де салаларға қосымша қаржының бөлінуі әсер еткенін жеткізді.
- Есепті мерзімге бюджеттің түсімдер болжамы 102,0 пайызды құрады. Оның ішінде ауданның өз кірісінің болжамы 138 млн. теңге бюджетке жоспардан артық түсті, - деді ол.
Бюджеттің шығындар жоспары 95,6 пайызды құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 298,4 млн. теңгесі игерілмеді.
Назерке САНИЯЗОВА