ЖҰМА КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында ашық ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстік-батысы мен батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 0-3 градусқа дейін күн суытады. Республиканың оңтүстігі, батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.