ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚСТАНДА «ПОКОЛЕНИЕ+» БІЛІМ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
«Поколение+» жобасы жаңа білім технологияларын қолдану арқылы жастардың зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры Роза Кәріпжанова мәлім етті, - деп хабарлады ortcom.kz сайты.
«Поколение+» мәдени-білім жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес әзірленді. Оны әзірлеу кезінде қазіргі таңда оқыту жүйесінде бейресми білімнің дамуы кең етек жайып жатқанын көрсеткен әлемнің жетекші елдері тәжірибесі пайдаланылды», - деді спикер.
«Поколение+» мақсаты – «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде оқушылардың әлеуетін дамыту болып табылады.
«Жоба 2015 жылы басталып, оның қорытындылары еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толған күні шығарылады. Жұмыс негізгі төрт бағытта жүргізіледі», - деп хабарлады Роза Кәріпжанова.
Бірінші бағыт аясында тарихи-өлкетану жұмысы, соның ішінде тарихи реконструкциялар мен археологиялық эспедицияларды ұйымдастыру жүргізіледі. Екінші бағыт – халық кәсіпшіліктері мен қолөнерін жандандыру. Үшіншісі – ғылым әлеуетті дамыту, оның аясында оқушылардың ғылыми жобалары байқауын, олимпиадалар, техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық жарыстарын өткізу көзделген. Төртінші бағыт – республикалық форумдар мен қоғамдық қозғалыстарға қатысу арқылы жастардың азаматтық белсенділігін дамыту.