ОТАНДЫҚ АВТОӨНДІРУШІЛЕР «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ АВТОБРЕНДТІ ҰСЫНБАҚ
Қазақстанда ұлттық автобренд пайда болады. «Allur Group» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев журналистерге жаңа жоба туралы айтып берді.
Бастысы ұлттық брендті жасауға әрбір қазақстандық қатысады. 2016 жылдың сәуірінде ұйымдастырушылар жаңа брендтің атауы мен логотипіне ұлттық байқау жарияламақ.
Андрей Лаврентьевтің айтуынша, қазір әлемдік автоөндіріс экологиялық сипаттан бөлек, инновациялық бағытта дамып барады.
«Allur Group» компаниялар тобы ұлттық көлікті шығарарда заманауи инженерлік шешімдерді ескеретін болады. Болашақтағы көлік - электрокар болуы мүмкін. Осыдан 10 жыл бұрын Apple машина шығарады деген үш ұйықтасақ түсімізге кірген жоқ. Тіпті, Mercedes 2020 жылы Шатл-трактарын жібереді, Peugeot Citroёn басшысы Карос Таварос жұмысына жүргізушісіз көлікпен барып келеді дегенге сендік пе? Белгілі сарапшы Бил Фордтың айтуынша, 15 жылдан соң жүргізушісіз көлік әдеттегі көрініске айналады. Біз де осындай үлкен қадам жасауымыз керек. Неге қолға алмасқа? Қажетті ресурстар литий мен графен көзі Қазақстанда бар. Мұнда тіпті компоненттік базаны қалыптасыруға болады», - деді А.Лаврентьев.
Оның айтуынша, қазір аталған жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс тобы жасақталып жатыр. «Allur Group» стратегиялық серіктес ретінде Қытай және еуропалық компанияны таңдауы мүмкін. Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, қазіргі таңда автоөндірісте литий металы графенге ауыстырылып келеді. Ол 77 пайызға арзан түседі. Автопилот бойынша технология былтыр 14 мың АҚШ доллары болса, қазір 8 мың доллар тұрады.
Google мамандары 2030 жылға қарай іштен жанатын қозғалтқыштар өндірістен жойылады деген болжам айтуда. Швеция 5 жылдан соң көмірсутектен бас тартуға бел буып отыр. Осы бағытта Қазақстан да экологиялық тұрғыдан таза, жаңа өнім шығаруды ойластыру керек.
Біздің мақсат «ЭКСПО-2017» көрмесінде өзіміздің концепциямызды көрсету. Оның бағасы, техникалық сипаттамалары да белгілі болуы керек. 1,5 жыл аз болғанмен, барынша тырысып көреміз. Жаңа көліктердің құны шамамен Hyundai Accent, Kia Solaris құнының шамасында болады», - деді А.Лаврентьев.
Сондай-ақ, «Allur Group» басшысы Ssang Yong Nomad көлігінің өндірісі тоқтап қалмайтындығын жеткізді.
Соңғы 4 жылда Қазақстанда отандық автоөндірушілер 110 мың көлік, жалпы құны 480,2 млрд теңге болатын коммерциялық бөлшектер шығарды.
2015 жылы автоөндіріс саласы ел қазынасына 55 млрд теңге көлемінде салық төлеген.
Биылдың өзінде аталған әрі аралас салада 1295 жұмыс орны ашылды.