ҚЫТАЙДА АЛҒАШҚЫ «ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Кеше Шанхай шет тілдері университетінде Қытайдағы алғашқы «Қазақстан орталығының» ресми ашылуы болып өтті. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Орталықты салтанатты түрде Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ш.Нұрышев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Г.Ныгыметов ашты.
Шанхайдағы Қазақстан Республикасы Бас консульдігінің, «Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Шанхай шет тілдері университетінің бастамасы бойынша құрылған «Қазақстан орталығы» шетелдік студенттерді, сондай-ақ Қытайдың ғылыми қоғамын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен, оның экономика, ішкі және сыртқы саясат саласындағы жетістіктерімен таныстыратын орынға айналмақ. Жақын болашақты шетелдік студенттер үшін қазақ тілі кафедрасын ашу жоспарлануда.
Қазақстандық орталықты ашу кезінде бүгінгі күні жалпы саны 10 мың адамнан асатын Қытайда оқып жатқан қазақстандық жастарды оқытуға арналған бірегей алаң құру, сондай-ақ олардың арасында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын белсенді жариялау және жылжыту мүмкіндігі маңызды болды.
Қазақстандық орталықты ашу шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Шанхай шет тілдері университеті арасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілдерінің синхрондық аудармашыларын даярлау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға жалпы 150 шақырылған қонақ, оның ішінде Шанхайдағы Ресей, Өзбекстан және Беларусь Бас консулдары, ғылыми қоғамдастықтың, қазақ диаспорасының өкілдері, Қытайдағы қазақстандық және шетел студенттері қатысты.