ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУДЕ ЖОҚ 18 ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ
Ағымдағы жылдың 10-12 қарашасы аралығында Қызылорда облысы аумағында заңсыз сақталатын ойық атыс қаруын, жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды анықтау, оларды өткізуге, тасымалдауға, заңсыз пайдалануға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Аталған акцияға облыс бойынша жеке құрамнан барлығы 330 күш-құралдар жұмылдырылып, 10 мобильдік топ құрылды.
Үш күнге жалғасқан іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен Ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 13 аңшы мылтығы анықталып, 2 тапанша, 2 кастет және 1 пышақ тәркіленді. Сонымен қатар, 2 азамат қаруларын өз еріктерімен өткізді.
Мәселен, профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі бойымен кетіп бара жатырған сырт бітімі күдік тудырарлық 1998 жылы туылған азаматты тоқтады. Азаматты тексеру барысында қалтасынан «Страж» жазуы бар тапанша алынған.
Дәл осындай дерек 2015 жылдың 12 қарашасында да орын алған. 1998 және 1997 жылы туылған 2 колледж студенттерінің «Кастет» ұстап жүргендігі белгілі болды. Аталған азаматтарды тексеру барысында қалталарынан жоғарыда аталған зат айғақтық дәлелдеме ретінде алынып, тәркіленді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі