БАҚ ПАРИЖДЕ ТЕРАКТІЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ДЕЛІНГЕН АДАМНЫҢ ЕСІМІН ЖАРИЯЛАДЫ
Францияның ақпарат құралдары Парижде теракт ұйымдастырды делінген адамның есімін жариялады, - деп хабарлайды RTL.
Радиостанция 13 қарашада Париждегі терактілерді 27 жастағы сириялық радикал Абдельхамид Абауд ұйымдастырғанын хабарлады. Ол Сириядағы ДАИШ ұйымының белді мүшелерінің бірі.
Дегенмен радиостанция бұл ақпаратты нақты қайдан алғанын хабарламады. Сонымен қатар, Абаудтың лаңкестермен тікелей байланыста болғаны белгілі болды. Ол бұған дейін Грекияда іздеу салынған лаңкестердің қатарында болған. Кей дереккөздерге сүйенсек, ол ұсталған.
Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды.