БАЙҚОҢЫРДА "ДОСТЫҚ.KZ" ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Қараша айының 11 жұлдызында Байқоңыр қаласында облыстық жастар форумы болып өтті. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен "Қорқыт елі - Қармақшы" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында IV рет өткізіліп отырған "Достық.KZ" облыстық жастар форумы биыл да көптеген ерекшеліктерге толы болды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің 23 жылдығына орай ұйымдастырылған жастар форумның ашылуы В.Комаров атындағы оқушылар үйінде бастау алды. ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы Е.Жұмағазиев форум қатысушыларын арнайы құттықтап, жыл бойы жастар саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытқан бірқатар облыс жастарына басқарма басшысының "Алғыс xатын" тапсырды.