ҚЫЗЫЛОРДАДА СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының базасы шеңберінде «Келісімшарт қатынастары бойынша азаматтық істерді қараудағы өзекті сұрақтар» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Аймақтық семинарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.Сисенова, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстық соттарының судьялары, Қызылорда облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, судья лауазымына үміткерлер, Қызылорда облыстық Нотариаттық палатасының өкілдері, прокуратура, адвокаттар алқасының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков алғысөзінде экономикалық қатынастардағы азаматтық даулардың басым бөлігі келісім шарт туындайтындықтан аталған тақырыпты кеңінен талқылап, заңнамалық тұрғыда құқықты біркелкі қолдану тәжірибесін қалыптастыру аясында тоқталып, тәжірибелі судьялардың қатысуымен семинардың өңірлік деңгейде өткізілуінің маңыздылығын айтып өтті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нүрия Сисенова өз сөзінде, келісім шарттың термині бірнеше мағына білдіретіндігіне тоқтала келе, оның ішінде екі жақтың құқықтары мен міндеттері тең сақтала отырып, тараптар келісуіне болатындығы жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, азаматтар өз еркілерімен келісімшарт жасап, өздерінің бұзылған құқықтарын қорғайды және одан бас тарта алады дей келе, шарттық қатынастарға қатысты азаматтық даулар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, баяндамасында сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, шара барысында келісімшарт негізінде туындайтын қарым-қатынастардың міндеттемелік бөлігін орындамаудан туындайтын даулар бойынша істердің қарау практикасы, келісім шартты негізсіз деп тану туралы істерді қарау практикасы, сақтандыру шартымен байланысты істерді қараудағы сот практикасы, шағын кредиттік ұйымдардың заем шарттарынан туындайтын мәселелер, мемлекеттік сатып алу аясындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері, Жаңа этика кодексінің негізгі ережелері, соттардың мінез-құлық ережелерінің принциптері, судья этика кодексі жобасына өзгерістер мен ұсыныстар аясында баяндамалар оқылды.
Шарттық қатынастардан туындайтын азаматтық істерді қарау мәселелерінің өзекті тұстарын талқылаған судьялар тиісті ұсыныстарды қабылдады.
Күннің екінші жартысында Жоғарғы Соттың судьясы Нүрия Сисенова «Ұлт жоспары – 100 қадам» бойынша өткен семинарда жаңа сот төрелiгiн бес сатылы жүйеден үш деңгейлi жүйеге көшіру, апелляциялық сот өкiлеттiгiн кеңейту, сот рәсiмдерiн оңайлату және сот үрдісін жеделдету үшiн прокурордың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту сияқты өзгерістер сөз болды.
Бұдан басқа жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі бірінші саты, апелляциялық, кассациялық инстанциялар, жеңілдетілген тәртіпте және келісімге келу процедуралары бойынша іс қараудағы нормаларды қолдану аясындағы сұрақтар судьялармен талқыланды.
Сонынмен қатар, Н.О.Сисенованың төрағалық етуімен жаңа Судья әдебі кодексінің жобасы талқыланды.
Судья әдебі кодексі Қазақстан судьялары үшін ерекше маңызы бар құжат. Бұл судьялардың тек қана кәсіби тұрғыдағы ғана емес, сонымен бірге қызметтен тыс кездегі де мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.
Жаңа этика кодексі Қазақстан республикасының судьяларының VІІ съезінен кейін күшіне енетін болады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі