НАЗАРБАЕВ ПАРИЖДЕ БОЛҒАН ТЕРРОРЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ
Назарбаев Парижде болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. "Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды", - деп жазылған жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Еске сала кетейік, Парижде жұма күні кешке бірнеше теракт қатарынан болған еді. Лаңкестік әрекеттердің салдарынан 153 адам қаза тапты.