ҚАЗАҚСТАНДА ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЕСІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстанда үздік жас ғалымның есімі анықталды. Дана Ақылбекова бар болғаны 29 жасында қант диабетіне қарсы инсулин өндіретін жасуша ойлап тапқан.
«Астана» телеаранасының тілшісі хабарлағандай, елімізде тұңғыш рет өткізілген жас ғалымдар байқауының жеңімпазына 7,5 млн. теңге көлемінде сыйақы табысталып, биыл Лондонда өтетін жас ғалымдар сайысына жолдама берілді. Инноваторлар додасы ел премьері Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Астанадағы Халықаралық инновациялық конгресс аясында ұйымдастырылды.
Жалпы, жас ғалымдар байқауына биыл жыл басынан бері үш жүзден астам үміткер тіркелген болатын. Ал ұсынылған ғылыми жұмыстар түрлі салаларды қамтиды. Форумға инновация саласының сарапшылары, инвесторлар, 150 үздік стартаптың негізін қалаушылары мен шетелден келген 1500 мейман қатысты.
Дана Ақылбекова, жас ғалым:
- Қант диабетіне қарсы инсулин өндіретін жасушалармен жұмыс істеудемін. Инсулиннің өзі негізі өте қымбат. Мәселен, бір айлық екпеге адамның 200-300 долларға жуық қаражаты кетеді. Ал менің ғылыми зерттеулерім адам ағзасына егілген жасушалар көмірсу алмасу гармонын өздігінен өндіріп, қажетті инсулинді бөледі. Яғни инсулин жетіспеушілігінен жылдар бойына арылуға көмектеседі. Әрі қаржыны да үнемдейді.