АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДА ШЕКТЕУЛЕР ПАЙДА БОЛДЫ
ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңына енгізілген өзгеріске сәйкес енді жүк тасымалдаушылардан бөлек, жүк жөнелтушілер де әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде мәлімдеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін салушы «EVRASCON» жүк тасымалдау компаниясының жүргізушілері жүк көлемінің шамадан асып кеткені үшін төленетін айыппұлды алып тастау жөніндегі талаппен бас көтерген болатын. Тексеру барысында Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері компанияға тиесілі 10 автокөліктің жолда шектен тыс жүкпен жүргенін анықтады. Техникалық құжаттар бойынша олар 41 тонна ғана жүк тасымалдай алады. Алайда, қарашада ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөнінде шектеулер пайда болды.
- Автокөлік жолдарында 36 тоннаға дейін рұқсат етілген. Заң биыл ақпанда автокөлік жолдарын сақтау мақсатында шықты. Жүк тасымалдаумен айналысатын барлық компанияға бұл туралы ескертілді. Мына жағдайда «EVRASCON» компаниясының жүргізушілеріне емес, жұмыс берушілеріне айыппұл салынды, - дейді Е.Жолдасов.
Бүгінгі күні инспекция тарапынан 500-ден астам отандық және шетелдік құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұл мөлшері мен жүріп өткені үшін алынған алымның жалпы сомасы 190 млн. теңгені құрады.
Назерке САНИЯЗОВА