ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР СЫР ӨҢІРІНДЕ БАС ҚОСТЫ
Бүгін Батыс және Орталық Азия елдерінің ғалымдары Қызылордада бас қосып, күріш өндірісін дамытудың жай-жапсарын талқылады. Жиынды өткізуде Сыр өңірінің таңдалып алынуы тегін емес. Еліміздің күрішке деген сұранысының 95 пайызын қамтып отырған аймақ.
Топырақтың тұздылығына қарамастан Сыр диқандары күріштен жақсы өнім алып келеді. Биыл шаруалар 81 мың гектар алқаптан өнім жинауға кірісті. Несібесін жерден терген қауым үшін қауырт шақта жаһан ғалымдары біздің өңірге арнайы ат басын бұрып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлығының мақсаты әлемде су тапшылығы қаупі төніп тұрған шақта арқаны кеңге салмай, тіршілік нәріннің әр тамшысын үнемдей отырып, егін шаруашылығын дамыту. Ал, Халықаралық ғылыми зерттеу институтының болжамы бойынша Батыс және Орталық Азияда күріш өндіру көлемі 2035-шы жылға қарай 84 пайызға артпақ. Ендеше, ерте қамданбасқа болмайды. Сала мамандары ғалымдар ең алдымен тұзға төзімді жаңа сорттарды өндіріске енгізуге көңіл бөлу керектігін айтып отыр. Бұл бағытта «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» белсенді жұмыс жасап жатыр. Институт директоры Серікбай Өмірзақов биыл өндіріске жаңа сорттар енгізгенін мәлімдеді.
Күріштен өнім жинаудан әлемде 15 мемлекеттің қатарындамыз. Бізде орташа есеппен гектарына 45-50 центнерден өнім жиналады. Бізді шаң қаптырып кетіп отырған мемлекеттер жетерлік. Мәселен, Египет диқандары гектарына 95 центнерден өнім алады. Ресейде күріш жармасының орташа түсімі 70 центнерден келеді. Сондықтан жаңашылдықты жатсынбай жаңа технологияларды өндіріске енгізу керек. Қазақстандық және Батыс пен Орталық Азия елдері ғалымдарының басын қосудағы негізгі мақсат та осы. Күріш өсіруден тәжірибесі бар елдермен іскерлік байланыс орната отырып, олардың көшіне ілесу.
Жалпы, шетелдің ғалымдар үш күн бойы семинар-кеңес өткізіп, шаруашылықтардың егіс алқаптарын аралап көреді.