ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЕҰ-ҒА ТАПСЫРУ 2016 ЖЫЛДАН БАСТАЛАДЫ
Келер жылдан бастап бірқатар мемлекеттік қызметтерді азаматтық секторға өткізу басталады, деп хабарлайды «Астананың Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Дмитрий Терешкевич Астанадағы «Мемлекеттік қызметтерді азаматтық секторға өткізудің мүмкін тетіктері және қаржыландыру тәсілдері» атты дөңгелек үстел барысында, деп жазады primeminister.kz.
«Бүгінде біз әр мемлекеттік орган осы мәселелерді өздерінің құзыреттілігі бойынша таратып алып, жіті сараптамадан өткізгенін талап етіп отырмыз. Біз 23 қызметті іріктеп алдық, алайда әр қызмет жеке көрсетілуі тиіс, сондықтан әлеуметтік секторда талқыланған жөн. Бүгінде азаматтық секторға мемлекеттік қызметті өткізу бойынша бірнеше тетік қарастырылуда. Әр қызметті әлеуметтік секторда жеке талқылау қажет. Келесі жылдан бастап қызметтерді азаматтық секторға тапсыру бойынша алғашқы қадамдар басталады», - деді Д.Терешкевич.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызмет көрсетуді жеке секторға тапсыру үдерістері барлық міндеттерді тапсыруды білдіретінін айтып өтті.
«Осындай тексерістен өткен механизмдердің бірі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Механизмді өткізудің негізгі мәселесі: көрсетілген мемлекеттік қызмет қалай қаржыландырылады, аталмыш қаржыландырудың тәртібі. Егер гранттар туралы заң күшіне енетін болса, олар сол мемлекеттік гранттар болуы мүмкін», - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, Д.Терешкевич мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру мәселелеріне баса назар аударды.
«Бүгінде біз көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатынын айтып отырмыз. Ендігі мәселе мемлекеттік мекемені қаржыландыруға кетіп отырған қаржыны жеке секторға қалай ауыстыру», - деді ол.
АА басшысы «барлық қызметтер өз сапасын жоғалтпауы тиіс» екенін және аккредитацияда қоғамдық ұйымдарға қойылатын нақты талаптар бар екенін айтты.