ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ДИРЕКЦИЯСЫНДА НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ ҚОНАҚТА БОЛДЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында «Сыр барысы-2015» титулының иегері, жас спортшы Нұрым Сәлімгереев қонақта болды, деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында спортшы болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, бала күнінен ұлттық спорт қазақша күрестен чемпион болуды армандағанын айтты.
- Мен үшін «Қазақ барысы» жобасына қатысу – бала күнгі арманым. Сол үшін жылдар бойы осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендім, - деді спортшы. Күнделікті жаттығулармен күн тәртібім тығыз болды. Дегенмен армандар орындалды. Еңбегім зая кетпеді. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысып, «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясымен марапатталып, Елбасының қолынан автокөліктің кілтін алдым.
Н.Сәлімгереев сондай-ақ, бүгінгі жастардың да қоғамға пайдасын тигізе отырып, армандарына жетуге үлкен мүмкіндіктері бар екенін айтып өтті.
Шынар БЕКБАН