ҚАЗАҚСТАН ТКШ-НЫ ЖАҢҒЫРТУ ЕСЕБІНЕН 1,3 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕДІ
Қазақстан ТКШ-ны жаңғырту есебінен 1,3 млрд. теңге қаржы үнемдеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуикациялар қызметінде өткен брифингте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Сергей Чайжүнісов айтты.
«14 қазандық, үш сорғы стансасы салынып жатса, шамамен 150 шақырым инженерлік желі жаңғыртылды және салынды. Әлеуметтік-тұрмыстық үйлердің 148 нысаны сапалы қызметпен қамтамасыз етіліп, олардың игілігін шамамен 995 мың адам көретін болады», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, компания төрағасының алға тартқан деректеріне қарағанда, 10 айдың нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарына 12 отандық тауар өндіруші, оның ішінде құбыр өнімдерін шығаратын 5 зауыт, 2 қазандық, 3 реттеуші арматуралар және 1 суды тазарту технологияларының құрал-жабдықтары тартылды.
«Нәтижесінде, жылдық үнем шамамен 1,3 млрд. теңгені немесе 250 мың Гкалды құрады», - деді С.Чайжүнісов.
«ҚазАқпарат»