ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИНГЕ АРНАП РОБОТ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
Солтүстікқазақстандық оқушы Әлімхан Болат кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге арнап робот жасап шығарды. Өнертапқыштың ендігі арманы – осы туындысын чемпионның өзіне сыйға тарту.
Әлімхан Болаттың жасы – 16-да. Ол Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы. Робот модельдерін жасаумен шұғылданып жүргеніне көп бола қоймаған. Дегенмен жеткіншек жақсы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген. Астанада өткен республикалық байқауда алдыңғы орыннан көрінді. Бұл кәсіпқой бокста жеңілістің дәмін татып көрмеген даңқты жерлесіміз Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі. Былғары қолғап шеберінің жеңісі Болатқа шабыт бергені айдан анық. Ол бірден чемпионның роботын құрастырып шығарған.
Әлімхан Болат,
жас өнертапқыш:
- Қазақстанның боксшылары өте көп. Головкин маған ұнаған соң және Қазақстанның мақтанышы болған соң, боксшыға арнап осы роботты жасадым. Геннадий Головкин сияқты өзімнің атымды әлемге танытқым келеді.
Қалада робот құрастыру үйірмесінің ашылғанына 3 жылдай уақыт болды. Мұндағы жеткіншектер ізденіс пен еңбектің арқасында талай жетістікке жеткен. Оны ұстаздары да мақтан тұтады. Данияр Уәлиев, үйірме жетекшісі -Қазіргі таңда 9 оқушым грантта оқып жатыр. Олар осы робототехниканың арқасында ҰБТ тапсырмай, Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде дәріс алып жатыр. Біреуі Туркияда оқып жатыр. Бүгінде бұндағы үйірмеге Әлімхан сияқты 100-ге тарта жас өнертапқыштар қатысады. Олардың әрқайсысы болашақта өз идеяларын жүзеге асыру арқылы ел дамуына үлес қосуды армандайды.