ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ МЕН ЖЫЛУ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕК
1 қарашадан бастап, "Қызылордада су жүйесі" мекемесі судың бағасы 1 текше метрге ҚҚС-мен 77,92 теңге немесе 49 пайызға, оның ішінде тұрғындарға 61,6 теңге немесе 48 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Пірімов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында облыста реттелген коммуналдық қызметтерге қалыптасқан тарифтер жағдайы туралы баспасөз маслихатында хабарлады.
- Мысалы, 5 адамнан тұратын жанұя айына 10 текше метр суға орташа 361 теңге төлеп келсе, енді 616 теңге немесе 255 теңге артық төлейтін болады, - деді Н.Пірімов. - Сонымен қатар, "Қызылорда жылу электр орталығы" мекемесі де жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерін қымбаттатты. Тұрғындар 1 Гкалға 3220,89 теңге немесе айына 1 шаршы метр үшін 92,76 теңге төлейді. Сонда 1 шаршы метрге 7 теңге артық төлейді деген сөз. Мысалы, жалпы ауданы 75 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің жылуға төлемақысы бұрын 6383 теңге болса, енді 1 желтоқсаннан бастап 6957 теңге немесе 574 теңге ғана артық төлейді.
Айта кету керек, Н.Пірімов алдағы бес жылда бұл тарифтер осылай сақталатынын айтты. «Дегенмен республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда қала тұрғындары үшін реттелетін коммуналдық қызмет тарифтері орта деңгейде орналасқанын атап өту қажет. Осылайша сумен жабдықтау бойынша Қызылорда қаласында тариф 1 текше метрге Қостанай, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл және Тараз облыстарымен салыстырғанда төмен. Ал жылу бойынша Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент, Астана және Алматы сынды 7 аймаққа қарағанда төмен. Сондықтан аз төлегісі келгендер көп үнемдеуге тура келеді.
Шынар БЕКБАН