«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ
«Нұр Отан» партиясы «Нұрлы жол» бағдарламасына бақылауды күшейтті. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры Жігер Қалиев мәлім етті.
«Дәл бір жыл бұрын партия саяси бюросының кеңейтілген отырысында Партия Төрағасы «Нұрлы жол» бағдарламасын жария етті. Сол кезде бұл бағдарламаға партиялық бақылауды жүргізу жүктелген. Осы тапсырманы орындау аясында, мәжілістен мәслихаттарға дейін, барлық фракцияларда аталған бағдарламаны бақылау бойынша комиссиялар құрылды», - деді ол партияның Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта партия тарапынан бақылаудың жаңа тетіктері енгізілуде. Партия арнайы қарар қабылдаған. Ол бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламадағы жобаларды орындамаған жауапты тұлғаларға жауапкершілік қарастырылған.
«Нұрлы жол» бағдарламасын қадағалау барысында түрлі жағдайлар орын алады. Қажет жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі немесе партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңестің отырысында қаралады», - деп атап өтті ол.
Ж.Қалиевтің хабарлағанындай, ең басты мақсат - «Нұрлы жол» бағдарламасының ашықтығын қамтамасыз етті.
«ҚазАқпарат»