ҚОҒАМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРУГЕ ӘЗІР
Өңіріміздегі саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қозғалыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіруге әзір.
«Ашық келісім аясындағы мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі қауіпті дертке қарсы тұрудың тиімділігін одан әрі арттыра түсіреді. Қоғамның қолдауынсыз бұл шаралар тек ішінара нәтиже беретіні мәлім», - деді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Марат Оразәлі бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде.
Ашық келісімге «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, «Сыр Медиа» ЖШС, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры, этномәдени қоғамдық бірлестіктер, арнаулы оқу орындары және тағы басқа мекемелер қосылды.
Назерке САНИЯЗОВА