ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАҒА КОНТРЕГУЛЯТОРЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қызылорда облысы аудандарында азық-түлік қымбаттауына байланысты, қоғамның кедей таптарына қолдау көрсету үшін, біршама шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Нанның қымбаттауы әр аудан әкімін алаңдатып отырғаны анық. Әзірге нан бағасы 55 теңге, ал ірі сауда орталықтарында оны 50 теңгеден де сатып алуға болады. Облыстық тұрақталған қордан аудандарға ұн жіберіліп, өнім 7 наубайханаға таратылады. Сондай-ақ, ет және сүт өнімдерін делдалсыз сатып алу мәселесі де қарастырылуда»,- деді Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі Шәмәдин Шамұратов.
Қазалы ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, күрделі кезеңде жағдайы осал отбасыларға көмек көрсетіліп жатыр. Ауданда ашылған арнайы қор шотына әлеуметтің жағдайын қолдау үшін кәсіпкерлер тарапынан қаржы бөлініп отырады. Жағдайына байланысты отбасылар өтініштерін білдіре алады. Мәселен, қысқы мезгілге қарсы сұраныстарын жіберген 50 отбасыны көмірмен қамтамасыз ету үшін ақша бөлінді.
Арал ауданында ұн тарту кәсіпорыны іске қосылды. Демек, ендігі уақытта жергілікті тұрғындар нан және басқа да ұн өнімдерін тұрақты бағамен сатып алатын болады.