ЕЛОРДАДА ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
«ҚазАқпарат» хабарлағандай, бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форум өз жұмысын бастады.
Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту отандық БАҚ-тың бәсекеге арттыру мәселелерін талқылау, Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қазақстандық моделін насихаттап тарату.
Форум аясында БАҚ-ты, блог саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша отандық және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтары олатын үш панельдік сессия, этномәдени бірлестіктер БАҚ-тарының көрмесі мен «ҚХА» жылы атты фото көрме өтуде.
Ал күннің екінші жартысында «ҚХА 20 жыл - Бір ел - бір тағдыр» жинағының таныстырымы өтеді. Одан кейін форумның жалпы сессиясы өз жұмысын бастайды. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың ресми тұлғалары, республикалық және өңірлік БАҚ пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қытай, Ресей, БАӘ, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Латвиядан келген сарапшылар, Қазақстанда тіркелген шетелдік журналистер қатысады.
Форум жұмысы интерактивті талқылау түрінде өтетін «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы масс-медиа рөлі» тақырыбындағы брифингке жалғасады.
Алқалы жиын соңында ҚХА-ның этножурналистка саласында жыл сайын өткізетін «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындысы салтанатты түрде жарияланады деп күтілуде.