КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ СУЫҚ СУ ҚАЙТА КЕЛДІ
Қызылордадағы 90 пәтерлі көп қабатты үйге суық су қайта берілді, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі.
Телеарна кешегі жаңалықтарында суық судың орнына шүмектен сапасыз ыстық су ағып, тұрғындарды әбігерге салғаны жайлы хабарлаған еді. Бейнематериал эфирге шығысымен, мәселе туындаған баспанаға жылу жүйесінің мамандары келіп тексерген. Нәтижесінде екі пәтер иесінің заңсыз әрекетін әшкере еткен. Айтуларынша, олар өз беттерінше асхана мен жуынатын бөлмелерде орналасқан жылу жүйесінің құбырларын тесіп, шүмектер орнатқан. Сөйтіп, құбырдағы ыстық суды ұрлап, тұрмыстық қажеттеріне пайдаланып келген. Осының салдарынан жылу жүйесіндегі ыстық судың қысымы көтеріліп кеткен. Айта кетейік, Қызылорда тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етілмеген.
- Тексеру барысында 60, 69-пәтерлерде жылу жүйесінің бұзылғаны анықталды. Олар сол ыстық суды пайдалана отырып, мұздай суға смеситель арқылы кетіп калған. Сондықтан бүкіл үй ыстық суды пайдаланған. Қазір ахуалдың барлығы жойылды. Аталған екі пәтер иелері сотқа беріледі, - деді Қызылорда жылу жүйесінің бас инженері Руслан Байқонақов.
Жылуға жауаптылар: "Мұндай заңсыздық көп қабатты тұрғын үйде көп болуы мүмкін, анықталғаны тек пәтер есігін ашқандары ғана",- дейді. Енді ыстық су ұрлағандар пәтер ішіндегі құбырдан заңсыз орнатқан шүмектерін алып тастауға міндетті. Бірақ басқа мәселе пайда болуы мүмкін. Жылу жүйесі мамандары асхана мен жуыну бөлмелеріндегі жылуды уақытша тоқтатуға мәжбүр екендерін айтты.