ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ҚАЗАН АЙЫНДА 4,9% ҚҰРАДЫ
Республикамызда ағымдағы жылдың қазан айына бағалау бойынша жұмыссыздар саны 441,9 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
«Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы қазанның соңына 62,2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%», - делінген статистика комитетінің хабарламасында.
Оған қоса, ведомствоның мәліметіне сәйкес, биылғы жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 64644 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,8% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,4% өсті.
2015 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 122422 теңгені құрады.
«ҚазАқпарат»