АУЫЛДАРДЫҢ 70%-ДАН АСТАМЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
Қызылорда облысында елді мекендердің 70 пайыздан астамы орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«262 ауылдық елді мекеннің шамамен 190-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Биылдан бастап Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасына енген «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы да жемісін беріп келеді», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының сумен қамту және су бұру бөлімінің басшысы Ерлан Жоламанов.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, биыл Қызылорда облысында сумен қамту нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен 6 млрд 16 млн теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен осы мақсаттарға 1,9 млрд жұмсалды. Қармақшы ауданының Жосалы, Тұрмағамбет, Ақай, Жалағаш ауданының Ақсу, Сырдария ауданының Амангелді, Ақжарма, Бесарық, Шиелі ауданының Шиелі, Жүлек, Алмалы, Тәжібаев, Жаңақорған ауданының Түгіскен, Қызылорда қаласының маңындағы Махамбет кенттерінде су құбыры желілерін қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған.
«9 айдың қорытындысы бойынша қаражаттың 99%-ы игерілді», - деп нақтылады Жоламанов. Халықты сапалы ауыз сумен қамту – облыс басшылығының ерекше бақылауында.