АСТАНАДА «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ЕРІКТІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілерден өтініш қабылдау басталуы туралы жарияланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында «Қазақстан еріктілерінің альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Нұрлан Досымов хабарлады.
«Біз «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен алда өтетін көрмеге еріктілердің қызметін даярлау және ұйымдастыру туралы келісімге қол қойдық. Өтініштер expo2017-volunteer.org сайтында қабылдануда», - деді спикер.
Еріктілердің қызметін арнайы іріктелген 150 супервайзер үйлестіретін болады.
«Еріктілердің жалпы саны үш мыңнан асады. Олардың жартысы аймақтардан болады, өтініштердің басым бөлігі сол жақтан келіп жатыр. «ЭКСПО» арқасында Қазақстанда жастары бір тудың астына бірігетін болады, бұл шынымен де шабыт беретін жағдай», - деді Нұрлан Досымов.
Жастар қозғалысы көшбасшысының пікірінше, Қазақстан еріктілерінің альянсы елімізде ерікті түрде көмек көрсетуді дамыту бойынша ортақ күш-жігерді жұмылдыру мақсатында алдыңғы қатарлы барлық жастар қоғамдық ұйымдарын біріктірді.