МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ РӘСІМДЕРІ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алулар ережесін жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ әлеуетті тауар жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекеттік сатып алуға қатысатын тараптардың жауапкершілігін арттыру болып отыр. «Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін жеңілдету шеңберінде заң жобасымен алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып конкурсты енгізу, сондай-ақ конкурс пен аукционды өткізу тәртібін жеңілдету көзделген. Сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбау мақсатында заң жобасымен техникалық өзіндік ерекшеліктерді алдын ала талқылау институты енгізіледі, конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар арттырылады, шарттар жасасудың, тауарларды беру туралы электрондық жүкқұжаттардың, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсету актілерінің және электрондық шот-фактуралардың тек қана электрондық форматы енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау мерзімдері белгіленеді, сол уақыт ішінде шарттар жасасуға жол берілмейді», - деп баяндады Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Серікжан Қанаев.
Бұған қоса, тапсырыс берушінің не өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл санкциялары белгіленіп отыр.
Заң жобасы 30 қырүйекте бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Бүгін депутаттар оны екінші оқылымда қарап, Сенатқа жіберді. Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс ілеспе заң жобасын да екінші оқылымда мақұлдады.