ҚАЗАҚСТАНДА «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ЭКСПОМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан еріктілерінің альянсы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін көпшілікке тарату мақсатында «Менің елім – менің ЭКСПОм» акциясын бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ұйымның атқарушы директоры Нұрлан Досымов хабарлады.
«Байқауға қатысу үшін жұмыста немесе тұрмысты пайдаланылатын «жасыл» технологиялар немесе жаңартылмалы энергия көздері туралы 15 секундтық бейнеролик түсіріп, поштаға жіберу қажет. жоба туралы барлық ақпарат expo2017-volunteer.org сайтында бар», - деді спикер.
Барлық жарияланған жобалар мен байқаулардың толық тұсаукесері 14 қараша күні Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университетте өтетін «GREEN BRIDGE» халықаралық форумында өтеді.
Нұрлан Досымовтың пікірінше, Қазақстан еріктілерінің альянсы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЭКСПО-2017» көрмесінде халқымыздың басты байлығы – көпұлтты мәдениетті, тарих пен өнерді паш ету қажет деген сөзімен бір сарында әрекет етеді.