ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІНЕ СӘЙКЕС АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40%-ҒА ДЕЙІН ӨСЕДІ
Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің жалақысы 40%-ға дейін өседі, деп мәлімдеді Астанада өткен мемлекет қызметкерлеріне ҚР Еңбек кодексінің жаңа ережелерін таныстыру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Еңбек ақысын төлеу бойынша енгізілетін жаңа жүйеге байланысты, жалақы көлемі дифференциялды түрде өсетін болады. Негізгі салалардағы қызметкерлердің айлығы біліктілік деңгейіне байланысты өзгереді.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 5 қарашасында ҚР Парламенті ҚР Еңбек Кодексіне байланысты ұсынылған жаңа жобаны қабылдаған болатын.