ЕЛІМІЗДЕН ШЕТ ЕЛГЕ ҰШАТЫН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҰШАҒЫ ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ
Елімізден шет елге ұшатын жедел жәрдем ұшағы қатынай бастады. ТМД-да теңдесі жоқ әуе көлігі халі мүшкіл адамдарды Германияға және Ыстамбұлға жеткізіп үлгерген.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, «Learjet 45» маркалы ұшақтың бортындағы заманауи медициналық құрылғылар екі науқасқа қатар көмек көрсетуге, тіпті сапар кезінде операция жасауға мүмкіндік береді. Айы-күні жетпей туған балаларға арналған аппаратпен де жабдықталған. Бұдан бөлек, әуе кемесіндегі ауа қысымы арнайы белгі бергіш арқылы реттеледі. Сондықтан тыныс алуы қиындаған науқастарды да тасымалдауға мүмкіндік бар.
Осыған дейін науқастарды шетелге немесе елге жеткізу үшін сырттан ұшақ жалданатын. Енді жаңа жедел жәрдем ұшағы бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бермек.