АЛМАТЫДА ИННОВАЦИЯЛАР АПТАСЫ БАСТАЛДЫ
Алматыда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен инновациялар аптасы басталды. Жеті күн ішінде Оңтүстік астанада жаңа технологияларды енгізумен байланысты бірқатар басты іс-шаралар өтеді. Аптаның соңы Астанада өткізілетін халықаралық инновациялық форумға келіп ұласады.
«Бүгін біз тұтас бір салаларды түбірлі өзгерте алатын үрдістерді байқап отырмыз. Бұл робот техникасын, АТ, композитті материалдарды, нано- және биотехнологияларды дамыту. Сондықтан индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында инновациялық саясат екі негізгі міндетті – базалық салалардың технологиялық жағынан артта қалуын қысқарту және болашақ секторларды дамытуды шешуге бағдарланатын болады. Жалпы алғанда, біз алдағы бес жылға инновациялық белсенділікті 20%-ға дейін, зерттеулерге ішкі шығындарды – ЖІӨ-ң 2% дейін ұлғайту міндеттерін қойып отырмы», -деді инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Инновациялар аптасының басты міндеті – Қазақстанды әлемнің түрлі елдерінен технологиялық бизнес-қоғамдастықтың жаңа ойыншыларын тарту үшін ең қолайлы әлеуеті бар жаңа өңірлік инновациялық хаб ретінде жария ету.