ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазалы ауданында жылумен қамту мәселесі бойынша биылғы жыл аудан тұрғындары үшін ерекше жыл деп айтуға болады. Жалпы құны 6 млрд теңгені құрайтын Әйтеке би кентін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қазалы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов хабарлады.
- Бұл жобаның 1-ші кезеңі іске қосылды. Қазіргі таңда 15 үй тұрақты түрде көгілдір отынды пайдаланып отыр. Монтаждау жұмыстарының дайындығына қарай, жоба кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Бүгінгі күнге 1227 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шартын сұрау туралы өтінішіне сәйкес, 1120 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен 850 жоба дайындалып, 163 үйге құрылыс монтаж жұмыстарын атқарды, - деді Н.Шамұратов.
Айта кету керек, 167 абонент монтаждау жұмыстарына 18 млн теңге қаражатын төлеген. Бұл бағытта газдандыру жұмыстарына «Банк Хоум Кредит» арқылы 10 пайыздық несие алу мүмкіндігі қарастырылып, қазіргі таңға 24 адам осы мүмкіндікті пайдаланған. Зейнеткерлерге 10, тұрмысы төмен отбасыларға 15 пайыздық жеңілдіктер де бар.
Шынар БЕКБАН