ТАРИХТАН ТЫҢ МӘЛІМЕТТЕР КЕЛТІРДІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.
Қалалық «Қоғам» телеарнасы хабарлағандай, дөңгелек үстел барысында университеттің 1966 жылғы түлегі, республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек, олардан кейін ел басқарған тұлғалар жайлы, қазақ сөзінің шығу тарихы туралы нақты, тың мәліметтерді келтірді.
Оңғар Бермаханов, Дастанбек Сәтбай, Ғабит Тұяқбаев секілді ғалымдар баяндамалар оқып, тақырыптың мазмұнын байытты.