МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ДЕПУТАТТАРДАН ШИРАҚТЫҚТЫ ТАЛАП ЕТТІ
Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы болып өтті. Онда палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға депутаттық корпусты барынша жауаптылықпен қарауға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Кеше сессияны ашу барысында Мемлекет басшысы біздің алдымызға бүгінгі күннің талаптарынан туындайтын ауқымды міндеттер қойды. Елбасы айқындап, алда ел өміріне енгізілетін заң жобаларын мен үш топқа бөлер едім. Бұлар – Қазақстан экономикасының орнықтылығына бағытталған заң жобалары, екіншісі – елдің тұрмысын жақсартуға, үшінші – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құжаттар. Бұндай басымдық берілген құжаттардың өзі алдағы сессияның заң шығармашылық үдерісінің қауырт болатынын көрсетеді», – деген Мәжіліс спикері Жақыпов.
Сонымен қатар, Төраға бүгінгі күннің өзінде депутаттар Президент шұғыл деп жариялаған мемлекеттік органдар арасындағы құзіреттіліктің ара жігін ажыратуға бағытталған екі заң жобасын жұмысқа алғанын жеткізіп: «Әсіресе, азаматтардың тұрмысын жақсартатын, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, агроөнеркәсіп кешенді дамыту, жер қойнауын пайдалану, білім беру, көші-қон мәселелерін қамтыған құжаттар аса маңызды. Сондықтан, алдағы жұмысымызда ширақтық талап етілетін қарбаластар күтіп тұр. Сол үшін барлық депутаттық корпусты, парламенттік фракцияларды алдымызға қойылған міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде атқаруға шақырамын», – деді Қ. Жақыпов.
Қамшы.кз