БАНКТЕР НЕСИЕ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАРЫЗЫН ЖАБУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Қазақстан жетекші бес қаржылық институтпен келісім жасасты. Оның қатарында Бүкіләлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам банкі бар.
«khabar.kz» сайты хабарлағандай, келісім 2018 жылдан бастап күшіне енеді. «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы экономикалық және құрылымдық реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Енді ипотекаға жылжымайтын мүлік алған 3,5 мың отандасымыздың тыныш ұйықтауына болады. Ұлттық банк тұрғын үй төлемі жөніндегі шарттарды қайта қарады. Борышкерлер соған сәйкес қарызын шетелдік емес, ұлттық валюта түрінде жаба алады. Осы орайда несиені өтеу мөлшерлеме сомасы 3 пайыздан аспайды. Жағымды жаңалық басқа да қазақстандықтарды күтуде. Отандық банктер кепілдемесіз қарыздарды қайта қаржыландырады. Бұл тақырып өте маңызды, өйткені әрбір отбасының басында несие бар.
2013 жылдан бері елімізде жеке тұлғаларды қаржыландыру көлемі 9 есе қысқарған. Енді банкирлер клиенттер үшін күресті жеңілдік арқылы жүзеге асырмақ. Әзірге 14 банктің 6-уы ғана мұны мақұлдады. Сарапшылар дәл осы қайта қаржыландыру банктерге де, борышкерлерге де көмектесетініне сендіріп отыр. Бұл ипотекалық несие бойынша мөлшерлеме сомасын 5 пайызға төмендетуге, сондай-ақ қарызды жабу мерзімін 5 жылға қысқартуға септігін тигізеді.