АРАЛ МЕН ҚАЗАЛЫ АУДАНДАРЫНДА ЖОЛДЫҢ 10-15 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ЖАРАМДЫ
Жыл басында Қызылорда облысының бюджеті 126 млрд. теңгені құраған болса, қазіргі күні 163 млрд. теңге болып нақтыланды. Яғни 40 млрд. теңгеге өсім бар. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның баспасөз мәслихатында облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов мәлімдеді.
Айтуынша, бюджет бөліске түскенде әр депутат өздері сайланған аумаққа тартады екен. Дегенмен, әуелі күн тәртібіндегі күйіп тұрған мәселелерге көңіл бөлінеді. Мысалы, басқаларға қарағанда, Арал мен Қазалы аудандарында жолдың 10-15 пайызы ғана жарамды. Қалғанының тоз-тозы шыққан.
Осыған дейін аймақтағы 32 елді мекенде ауруханалар жабылып қалған болатын. Мәселені зерттеп-зерделеген депутаттар корпусы медициналық нысандардың ауыл тұрғындары үшін ауадай қажеттігін ескеріп, ұсыныс көтерді. Соның нәтижесінде былтыр – 9, биыл 4 емхана қайтадан іске қосылды. «Енді ауылдық ауруханалардың штат бірлігін көбейтуге, техникалық базасын нығайтуға тиісті қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда», - дейді Бекмырза Еламанов.
Білім саласында құрылыс қызу қарқын алған. Жаңадан мектеп, балабақшалар салынып, біртіндеп халық игілігіне берілуде. Облыста 555 мектепалды даярлық ұйымы бар болса, 40 мыңдай бала сол нысандарда тәрбиемен қамтылған.
Назерке САНИЯЗОВА