ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ҚАР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады. Павлодар өңірінде көктайғақ болады. Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.