ҚР БАНКТЕРІНЕ ДЕПОЗИТ БОЙЫНША БАҒАМ АЙЫРМАСЫ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛУҒА 275 МЫҢ ӨТІНІШ ТҮСТІ
Қазақстан банктері бағам айырмасы бойынша 275 мыңнан аса жеке тұлғаның өтінішін қарап, қайта рәсімдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық банктің мәліметінше, 2015 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша, банктерде депозиттерді қайта ресімдеуге берілген 129 мыңнан аса өтініш жатыр, бұл ретте банктер 146 мыңнан аса салымшы бойынша депозиттерді қайта рәсімдеген.
Еске сала кетейік, Ұлттық банк басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №157 қаулысымен бекітілген еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес, өтемақы салымшыға 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында теңгемен ашылған депозит болған кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте депозит бойынша банк шотындағы қалдық 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.